Жетісайда аудан халқының 42,1 пайызы спортпен шұғылданады

Жетісай ауданында спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттың футбол, волейбол, үстел теннис түрлерінен спортпен жүйелі шұғылданушылардың санын артуда. Бүгінгі таңда аудандағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 42,1 пайызға жетті.

Айта кетейік, Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалаларда (20%) тіркелген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 пайызға жетіп (жоспар 31 пайыз), жоспар толығымен орындалған.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша, облыста спорт инфрақұрылымын саралау нәтижесімен ауылдық жерлерде спорт нысандарын қажет ететін 96 елді мекен анықталып отыр. Талапқа сай емес спорт нысандары сарапталып, есептен шығарылуда. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» республикалық жобасы аясында өңірде 7 нысан (Бәйдібек – 2, Созақ – 1, Төлеби –1, Жетісай – 2, Мақтаарал – 1) құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Биыл 12 нысанның құрылысы аяқталады.

2023 жылы аудан, қалаларда 44 нысан жеке инвестициялар есебінен салынып, пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі – 3 млрд. 939 млн. теңге.

Былтыр спорт мекемелері ғимараттарында 5 ағымдағы және 1 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3 нысанға 56 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Түркістан облысында 100 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. Онда 61 (29 олимпиадалық, 32 олимпиадалық емес) спорт түрі дамытылып, 2426 жаттықтырушы 60173 шәкіртті кәсіби түрде спортқа баулып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *