Полиция скутер мінген жігіттен «мефедронның» 200-ден астам дозасын тәркіледі
Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында, «синтетикалық есірткі» қойып кетуші Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.
Жедел уәкілдер скутер мінген жігітті тексеру кезінде, Шымкент қаласы тұрғынының сөмкесі мен қалтасынан 130-дан астам «синтетикалық есірткі» салынған ораманы тапты.
Ал үйін тінту кезінде «синтетикаға», сондай-ақ гашиш пен марихуанаға ұқсас ұнтақ заты бар 8 ораманы тәркіледі. Полиция қызметкерлері тәркілеп алған «синтетикалық есірткі» мефедронның 200 дозасын құрайды.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.