Полиция өз досының ұялы телефонын ұрлаған жігітті анықтады
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 19 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікке ілінген жас жігіт досының үйіне қонаққа келіп, жәбірленушінің ас бөлмесінде қалдырып кеткен «Iphone» маркалы ұялы телефонын оған байқатпай жымқырып кеткен. Ұрланған телефонды сатып жіберген.
Күдіктіден айғақты зат ретінде бөтеннің мүлкі алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.