9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті Кентау қаласында ұсталды

Полицейлер 31 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қазіргі таңда оны экстрадициялау мәселесі талқыланып жатыр.
«Күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған болатын. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Содан жедел уәкілдердің жүйелі жүргізген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *