Шымкентте 16 жастағы скутер жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

9 қараша күні сағат 19:40 шамасында «Самал-3» шағын ауданындағы Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында «Zhweki» скутері мен «Kia Optima» көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша СДТБТ-не тіркелді.Тексеру барысында скутердің жүргізушісі негізгі жолдың қиылысына шығып, оның бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, сол көлікпен соқтығысқаны анықталды.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *