Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізді

Нашақорлық мәселесіне назар аудару, жастардың есірткіге теріс көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқу орындарының білімгерлеріне түсіндіру жұмыстары мен кездесулерді үнемі өткізіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткіні тарату, болашақ ұрпақтың әл – ауқатына үлкен қауіп төндіреді. Ал есірткісіз қоғам құру-Қазақстанның әрбір азаматының алдында тұрған міндет.
Осы бағытта полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен басқа тиісті мекеме өкілдерімен бірлесіп, Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Мұнда жастарға есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың адам ағзасына зияны туралы айтылды. Сондай-ақ есірткі құралдарын, оның ішінде «синтетикалық» заттарды заңсыз сақтау мен өткізуге байланысты қылмыстардың құқықтық салдары туралы жеткізілді. Шара барысында жиналғандар есірткіні қолдануға теріс көзқарастарын білдіріп, нашақорлық-қорқынышты індет деген пікірлерін білдірді. Жастарға нашақорлықтың зияны туралы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында полицейлер мен мамандар жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, ал студенттер танымдық іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Полицейлер мұндай іс-шараларды өткізу арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға бағыттайтынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *