Түркістан облысында қызылша дендеп тұр

үркістан облысында қызылша ауруы дендеп тұр. Мәселен аталған вирусты жұқтырды деген күдікпен 373 адам тіркелді. Зертханалық жұмыстардың нәтижесінде 166 науқастың диагнозы расталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 146 бала бар.

Ордабасы ауданының тұрғындары қызылшаға шалдыққандар арасында алдыңғы орында тұр. Аурушаңдық сондай-ақ Саурам, Сауран, Шардара және Қазығұрт аудандарында көп тіркелген.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, қызылшамен ауырғандардың едәуір бөлігі түрлі себептермен вакцина алмаған. Яғни – егуден бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімдері бар болған немесе егу жасына жетпеген.

«Қызылша – көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері эпидемиялық маусымдары болып саналады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды», – дейді Бахтыораз Елемесов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *