Ордабасылық полицейлер оқушыларды мектепке дайындап, қайырымдылық жасауда
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаңа оқу жылының басталуына орай, 7 мектеп оқушысы мен 1 ерекше бала, яғни денсаулығына байланысты үйден оқытылатын жасөспірімге мектепке қажетті канцелярлық заттар салынған сөмкесі мен мектеп формасы, спорттық киімдерін әперіп, игі іс жасады.
Полиция бөлімінің басшылығы жеке құрам атынан балаларды «Білім күні» мерекесімен құттықтап, сабақтарын үздік оқуға шақырды.
Мектеп ұстаздары, сый-сияпат табысталған оқушылардың ата-аналары өздерінің атынан балаларының мектепке баруына ықпал етіп, алаңсыз білім алуына жағдай жасаған тәртіп сақшыларының жомарттығына алғыстарын білдірді.
Жалпы ордабасылық полицейлер осындай қайырымдылық шараларына жиі қатысып, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық жасап тұрады. Аталмыш қайырымдылық акциясы алдағы уақытта Түркістан облысының басқа да қала, аудандарында жалғасын таппақ.