Жасөспірімдер қауіпсіздігі-басты назарда

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі — жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы ретте облыс тәртіп сақшылары балаларға арналған жазғы сауықтыру демалыс орындарында арнайы барып, жастармен кездесу өткізді.
Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция тобының аға инспекторы полиция подполковнигі М.Туганбаев пен Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты А.Тұрғанбаев қатысты.
Полицейлер құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Сондай-ақ заң талаптары мен жолда жүру ережелері, тәртіптің маңыздылығы жайлы кеңінен талқылап, қылмыс пен құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершіліктің түрлерін түсіндірді. Ал шараға қатысқан жастар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *