Бірлік пен татулықты насихаттады

«Сайрам аудандық орталық кітапханалар жүйесі» КММ-нің оқу залында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи кезеңінің 300 жылдығына арналған «Қазақ даласындағы тойтарыс» атты тарихи танымдық сағаты және «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі» күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін» атты мерекелік іс-шарасы өтті.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, этнос жастары қатысты.

Алғы сөзде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев сөз алып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама– қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы (1723- 1725) салдарынан басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңді бейнелейтін ұғым екеніне тоқталды. Осы жаугершілік басталардың алдында қазақ даласында ұзақ уақытқа созылған алапат жұттың экологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік салдары өте ауыр болды. Үш жүздің саяси-әлеуметтік байланысы әлсіреді, халықтың әл-ауқаты төмендеп, өндіріс қатынастары құлдырады. Ішкі алауыздық, билікке деген талас-тартыс қауіпті жаудың бар екендігін ұмыттырды. Жоңғар әскерінің жеті түмен ауыр қолының анталаған басқыншылығына тап болды. Жер аздырған жұт пен жұрт тоздырған шапқыншылық қазақ елінің хал-ақуалын мүлде ойсыратып жібергені туралы айтты.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесінің мәні мен маңызы айрықша екеніне тоқталды. Бір сөзбен айтқанда, бұл – ел ішіндегі түрлі этнос пен дін өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сый-құрметті арттырып, татулық, бірлік пен ортақ құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен мереке деп айрықша атап өтті.

Іс -шарада ақсақалдар мен этнос өкілдері тарапынан келелі ойлар айтылды. Мұнан кейін, балалар мәнерлеп өлең оқып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тамаша өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *