Сарыағаштық полицейлер есірткі затын қолданған күдіктіні анықтады

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полицейлері рейдтік іс-шара жүргізу кезінде, базары маңынан жүрісі күдік тудырған тұрғынды байқайды. Полицейлер тексеру барысында күдікті ер адамның шалбарының қалтасынан 2 дана есірткіге ұқсас затты тапты.
Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік «көкнәр» болып шықты. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *