Қарабұлақта заңсыз үйлердің саны азайды

Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық округінде ең негізгі өзекті мәселенің бірі заңсыз құрылыс болатын.
Жергілікті ауыл әкімдігі қызметкерлерінің атқарған жұмыстары барысында өңірде орын алған заңсыз құрылыстар 2022 жылдың шілде айында түбегейлі зерттеп зерделеленді. Нәтижесінде 1100 тұрғын үй құрылысы заңсыз жүргізілгені нақтыланды.
Қарабұлақ ауылдық округінде жалпы 39 үй толық кадастрлық құнымен сатып берілді. Ортабұлақ аумағында орналасқан жалпы 5 үйге Сайрам аудандық сотпен меншік құқығы танылып заңдастырылды. Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан 2023 жылдың 22 ақпан және 01 наурыз айларында №66,78,98 қаулылары қабылданып, Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан өндірістік кооперативтердің жалпы 123,44 гектар жер учаскелері ауданның арнайы жер қорына енгізіліп, жалпы 995 тұрғын үйлерге заңдастыруға мүмкіншілік туды.
Қарабұлақ ауылдық округінде нақтыланған жалпы 1100 тұрғын үйден қалған шаруа қожалықтары жерлеріне салынған 61 тұрғын үйді заңдастыру мақсатында, қожалық басшыларымен және сол жер учаскелерінде тұрғын үй құрылысын жүргізген азаматтармен жер учаскесін толық кадастрлық құнына сай сатып беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қарабұлақ ауылдық округі аумағында заңсыз құрылыс толығымен тоқтатылды.
Осы игі істердің басы қасында жүрген Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бахытбек Хасановке, аудан прокурова Даулет Телемесовке, Қарабұлақ ауылының әкімі Камилжон Абдилахатовқа, жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Абылғазиевке алғыс айтамын.

Бабыр Хасантаев,
Қарабұлақ ауылының тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *