Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ұдайы қадағаланады
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыстық Полиция департаментімен бірге өңірдегі жолаушыларға қызмет көрсететін тасымалдаушы мекемелерге тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша тұрақты бағытпен қатынайтын 1 283 автобус бар. Жалпы 36 автобус паркі қызмет көрсетеді.
Бүгін кезекті бақылау жұмыстары Түркістан қаласында өтті. Қала әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік бөлімінің басшысы Арман Оспанның айтуынша, мониторинг кезінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ, рейс алдындағы автобустардың техникалық байқаудан және жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі бақыланды. Егер де ақау болған жағдайда автобус бағытқа шығуына тыйым салынады.
Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.