Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда
Түркістан облысының полицейлері балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, 1 айға жоспарланған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты акция өткізуде.
Осы бағытта Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар іс-шаралар атқаруда. Атап айтсақ, балалардың көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуге білім ошақтарына барып, мектеп оқушыларына профилактикалық, танымдық сабақтар өткізді. Жасөспірімдерге өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшеде жүру ережелері мен жолда жүру тәртібін түсіндірді. Жолдан өтерде ұялы телефон қолданбау, құлаққап пайдаланбау керектігі ескертілді.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға өздерінің ұл-қыздарына үнемі жолда жүру ережелерін ескертіп, үйретіп отыруға шақырады.