Алаяқтармен тиімді күресу үшін интернет-жарнаманы заңдастыру қажет – министрлік

2022 жылдың басынан алаяқтықпен байланысты 17,5 мың қылмыс тіркелді. Алдаудың ең көп тараған тәсілі — онлайн-сауда. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасына қосымша консультативтік құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың басынан бастап алаяқтықпен байланысты 17,5 мың қылмыс тіркелді. Ал алдаудың ең көп тараған тәсілі әлі де онлайн-сауда болып отыр. Сондықтан интернет-жарнаманы заңдастыру онлайн кеңістіктегі алаяқтық мәселесімен тығыз байланысты. Бұл шаралар біріктіріліп, алаяқтармен күресті тиімдірек етеді және сонымен бірге жарнама нарығының ашықтығын арттырады», — делінген консультативтік құжатта.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» жүргізген мониторинг нәтижесінде былтыр онлайн-платформалардан мына құқық бұзушылықтар анықталды:

— азаматтардың дербес деректерін заңсыз тарату – 100 факті;

— суицидті насихаттайтын ақпаратты тарату – 88 факті;

— басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын ақпаратты тарату – 147 факті;

– кәмелетке толмағанның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін дербес немесе биометриялық деректерді, өзге де ақпаратты тарату – 21 факті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *