Полицейлер 30-ға тарта жасөспірімнің ата-анасына шара көрді
Төлеби ауданының тәртіп сақшылары жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Аудандық полиция бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері бірлесіп, жасөспірімдер көп баратын ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтарды аралады. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 28 жасөспірімнің ата-анасына хаттама түзу арқылы «ескерту» берілді.
Саябақтарда ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны бойынша 5 жасөспірімнің заңды өкіліне айыппұл салынды.
Жалпы бұл бағыттағы шаралар ауданның әрбір ауылдық округтерінде өз жалғасын табады.