Саурандық сақшылар 1 аптада 10-нан астам тұрғынды қорғау нұсқамасына алды
Сауран аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Мадина Баймахан мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, тұрмыстық зомбылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Яғни әйелдер мен балалардың қауіпсіз өмір сүруін негізге алған полицейлер, олардың құқықтарын қорғау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқаруда. Әйелдердің қоғамдағы орны, оларға жасалған заңға қайшы әрекеттер заң аясында қаралып, тұрғындарға түсіндірілуде. Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде 11 тұрғынға қорғау нұсқамасы шығарылды.
Қазіргі таңда профилактикалық есептегі тұрғындарды тексеріп, бақылау шаралары жалғасуда.