Полиция департаментінде «Адал полицей» акциясы жалғасуда
Түркістан облысы полиция департаментінде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Адал полицей» кең ауқымды акциясы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев арнайы мақсаттағы бөліністердің жеке құрамымен кездесу өткізіп, қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және адал қызмет қағидаттарын ұстану бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ ол тәртіп сақшыларын қызметтік ережелерді бұлжытпай орындауға, азаматтармен қарым-қатынаста заң талаптарын қатаң сақтап, қоғам алдында жоғары жауапкершілікпен қызмет атқаруға шақырды. «Адал полицей» акциясы аясындағы мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
