Түркістан облысында жылыту маусымына жауапты тұлғаларға қызметтік тексеру жүргізілетін болды

Түркістан облысында жылыту маусымына жауаптыларға қызметтік тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Өңірдегі аудан, қала әкімдері және жауапты басшылардың қатысуымен жиналыс өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сын сағатта сүрінген барлық басшыларды қатаң сынға алды. Жұмыс барысында салғырттыққа жол бергендерге қызметтік тексеру жүргізіліп, жазаланатынын айтты.

«Жылыту маусымына 100% дайын деп ақпарат берген едіңіздер, өкінішке орай ақпарат – жалған болып шықты. Ал, жұмыс өз деңгейінде жүргізілмегіндігі анықталып отыр. Аудан, қалаларға көмір жеткізу толық шешілмеген. Тұрғындар, жылыжай иелері көмір тапшылығына және бағасына наразылық білдіруде. Қажетті көмір көлеміне орай басқармалар мен аудандардан жинақталған мәліметтер де дұрыс болмай шықты. Табиғи газ құбырғылары бойынша проблемалар туындауда»-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында газ құбырлары қатып қалғанын, ауыз су құбырлары істен шығып, осы аптада 5 мыңға жуық абонент сусыз қалғанын жеткізіп, жауапты сала мамандарының жұмысын сынға алды.

«Арыс қаласының бірқатар тұрғындары жылу беру сапасына наразы. Кентау қаласындағы жылу орталығының екі қазандығы істен шықты. Жылу беру маусымында орын алып жатқан осы жайттарға байланысты барлық қала, аудан әкімдеріне аталған кемшіліктерді шұғыл жоюды тапсырамын. Оған жауапты энергетика басқармасының басшысына, Кентау қаласының әкіміне, осы салаға жауапты менің орынбасарыма қатысты қызметтік тексеру жүргізілсін», – деді Дархан Сатыбалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *