ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан қаласындағы Әл-Фараби атындағы №10 және Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектептеріне арнайы барып, жай-күйімен танысты. Аралауға облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Арыстанов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет қатысты. Білім ұяларының басшылары мектептердің инфрақұрылымы және материалдық-техникалық ахуалын баяндады. Оқушылар мен ұстаздарға жасалған жағдайлар сөз болды.
Аталған мектептер қайта жөндеуді қажет етеді. Бейсенбай Дәулетұлы білім беру ұйымдары әрдайым назарда екенін және мектептің кез келген мәселесін шешу бағытында жұмыс жалғасатынын жеткізді. Облыс басшылығы көтерілген мәселелерді оң шешуге атсалысады. Ағымдағы және күрделі жөндеу барысындағы ғимараттардың құрылыс барысы қатаң бақыланады.