“ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2025”САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

   Түркістан облысы “Білім беруді дамыту орталығының” жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 17-18 сәуір күндері Отырар ауданы, “Оқсыз” спорт кешенінде қазақ күресінен “Ұстаз барысы – 2025” байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылып, 100-ден астам мұғалім өз бақтарын сынады. Жоғары деңгейде өткен тартысты белдесулер нәтижесінде шын мықтылар анықталды.
Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша:
  1-орын – Отырар ауданы
  2-орын – Созақ ауданы
  3-орын – Сарыағаш ауданы
  Түйе палуан атағына ие болып, байқаудың абсолют жеңімпазы атанған:
Әбубәкір Орынбек (Төлеби ауданы) – “Ұстаз барысы – 2025” жеңімпазы!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы, Түркістан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы, сондай-ақ Отырар ауданы әкімдігі бірлесіп арнайы марапаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Бұл байқау – ұстаздардың тек білім беру саласында ғана емес, спортта да белсенді, жігерлі, рухы мықты екенін дәлелдеген айтулы шара болды!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *