ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Кеше Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия мемлекетінің «Albayrak Media Group» компаниясының маңызды тұлғасы және «Yeni Şafak» газетінің халықаралық бөлімінің директоры Өмер Кабланмен кездесіп, Түркістан өңірін әлемдік деңгейде таныту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады.
Кездесу барысында Түркістан облысы әкімдігі мен Түркияның
«Albayrak Media Group» компаниясы арасындағы әріптестікті нығайту туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум- екі ел арасындағы экономикалық-мәдени байланыстарға жаңа серпін береді деп күтілуде.
«Albayrak Media Group» – Түркиядағы ең ықпалды медиа холдингтердің бірі және елдің ақпараттық кеңістігінде маңызды рөл атқаратын компания.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *