Отбасылық құндылықтар дәріптелді

Ордабасы ауданындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Бөген ауыл округінде «Салт-дәстүрім салтанатым» атты тақырыпта жас отбасылар арасында байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, соның ішінде баланың құрсаққа біткеннен бастап, дүниеге келуіне дейін жасалынатын салт-дәстүрлер дәріптелді. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыз жаңғыртылды.

Аталмыш байқауға 5 отбасы қатысып, олар алдымен өздерін таныстырды. Содан кейін әр отбасы өзінің бір күнін бейнелейтін роликті көрсетті. Онда отбасындағы салт-дәстүрлер жайында көрініс болды. Сайысқа қатысушылар өздерінің қолдарымен жасаған бұйымдарын да көпшілік назарына ұсынып, өнерлерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталып, олар арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды. Сайыс қорытындысы бойынша Жамалбековтар отбасы, Еділбековтар отбасы және Пернебековтар отбасы жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, Садуақасовтар отбасы, Қалдыбековтар отбасы арнайы аталымдар бойынша марапатқа ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *