ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚЫН АЙДАР СЕЙДАЗЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “АЛАШ” ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының қара шаңырағы – Әдебиетшілер үйінде дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы өтті. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қаламгерлер мен Жазушылар одағының аймақтық өкілдері қатысты. Шара барысында бірқатар қаламгерлер арнайы марапатталды. Осы ретте, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым «Жапырақ ғұмыр» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.
Ақын 1980 жылы Ордабасы ауданы, Ақжол ауылында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Университетінің әдеби шығармашылық бөлімінде дәріс алып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиетітінің түлегі атанған. 2020 жылғы Түркістан облысының үздік ақыны, «Халық алғысы» медалінің иегері.
Сондай-ақ, ақын Сайлаухан Жоланов Қазақстан Жазушылар одағы және «Сәуле-Куяш» әдебиет қорының белгілі ұйғыр ақыны, Түрк дүниесі ақындар мүшайрасының лауреаты Абдумажит Дөләтов атындағы республикалық «СИРДАШ» әдеби сыйлығының иегері атанып, қазақ және ұйғыр әдебиетін дамыту, насихаттау жолындағы жетістіктері үшін марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *