Түркістандық полицей 1 мамыр мерекесі қарсаңында министрлік марапатын иеленді

  ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді жетік білетін өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – бірліктің негізі» атты республикалық іс-шарасы өтті.
 Аталған дөңгелек үстелге Түркістан облысы Полиция департаменті атынан Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің көші-қон полиция тобының инспекторы Шохрух Зафарұлы Баратов қатысты. Қазақы ортада өскен полиция капитаны Шохрух, тәжік ұлтының өкілі болса да, қазақ тілінде емін-еркін сөйлейді. Іс-құжаттарын қазақ тілінде сауатты жүргізе білетін білікті маман.
 Шара кезінде оның көрсеткен белсенділігі мен құқық қорғау саласындағы қажырлы қызметі еленіп, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ҚР ІІМ-нің орынбасары А.Сайтбековтің марапатын иеленді. Бізде өз кезегімізде этносаралық ынтымақтастықты нығайту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін Шохрух Зафарұлына ризашылығымызды білдіреміз.
 -«Өз басым қызмет атқару барысында барлық құжаттардың қазақ тілінде дұрыс, сапалы орындалуын қадағалаймын. Яғни мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өзімнің тарапымнан үлес қосып келемін. Туып-өскен шаңырағым, араласатын ортам қазақ тілін қолданатындықтан, бұл тілді меңгеру маған қиынға соқпайды»-деп атап өтті Ш.Баратов өз сөзінде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *