Балаларға лагерь ашып берді

Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіндегі отбасы үлгісінде жұмыс істейтін балалар үйі жанынан жазғы лагерь ашылды. Демалыс аймағына «Төлеби нұры» атауы берілді.
Лагерьдің ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Төлеби ауданының прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары қатысып, балаларға игі тілектерін жеткізді. Сый ретінде балалардың жазғы сауықтыру лагеріне автоматты кір жуу машиналарын табыстап, балғындарға балмұздақ үлестірді.
Балалардың қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры, шекара қызметінің, төтенше жағдай департаментінің, әскери бөлімнің, экология департаментінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер де арнайы сыйлықтарын табыстап, балғындарға қуаныш сыйлады.
Өткен аптада пайдалануға берілген 60 орынды шағын лагерьде балалардың сапалы демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Биыл балалар үйінің ашылғанына 95 жыл толып отыр. Бүгінде мұнда 70-ке жуық бүлдіршін тәрбиеленуде.
Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап келе жатыр. Өткен жылы өңірде 56 мыңға жуық нәресте өмірге келсе, биылғы жылдың алғашқы 5 айында 20 мың 859 сәби дүние есігін ашқан.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды: «Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі. Бүгінгі таңда облысымызда 500 мыңға жуық бала тууға қабілетті жастағы әйел бар. Бүгінде солардың 28 мыңнан астамы жүктілік бойынша тіркелген. Сонымен қатар 182 жасөспірімнің жүктілігі тіркеліп отыр» дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *