Шаттық мал бордақылаумен айналысады

Сайрамдық Шахтыгүл Ақылбекқызы Бекзатова 2004 жылы енесі құрған «Құрманәлі» шаруа қожалығында жұмыс істейді. 2012 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кәсіпкерлік және серіктестік департаментінің 6 ай курсын тәмәмдап, үздік кәсіпкер куәлігіне ие болады. «2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша Сайрам ауданы, Қарасу ауыл округі әкімдігі жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын қатар алып жүруді мақсат етеді.

94 жастағы қайын енесі Ұлдықыз Жамалбекқызы жас кәсіпкердің жұлдызын жақты. 13 құрсақ көтерген, 5-қыз,5-ұл тәрбиелеген «Батыр ана», «Алтын Алқа» иегері Ұлдыкыз ана келініне бастаған кәсібін дөңгелетіп алып кетудің қыр- сырын үйретті. 2012 жылы ол «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен  жұмыс қамту орталығының жолдауымен «мал бордақылау» мақсатында бизнес-жоспар құрып, мемлекеттік қолдау негізінде  3 000 000 теңге несие алады.

Әрине алғашқы уақытта түрлі кедергілер мен қиындықтар кездесті. 3 млн. теңгеге 21 бас ірі қара алып, бір жылдан кейін алған сиырлары бұзаулап, 1,5 жылда 3 000 000 млн тенгені «ЫРЫС» микроқаржы ұйымына қайтарып берген,  3 жылға жеткізбей «18» қараша 2015 жылы ары қарай тоқтатпай бизнесін жалғастыруға тағы да 6 % (пайыз) есеппен 5 000 000 (бес миллион) теңге несие кредит алып, оған 34 бас ірі қара сиыр сатып алды.

Қазіргі таңда «Құрманәлі»шаруа қожалығы мен «Бекзатова»  жеке кәсіпкерлігінің басшысы Ш. Бекзатова 1,3 гектар жерді жалға алып,45 гектар жайлым жерді жекеменшігіне сатып алып отыр.Алдағы уақытта жаңадан мал қорасын салып, онда  100 ден астам ірі қараны ұстауға ниет етіп отыр. Шаруа қожалығында 40 отбасыға жұмыспен қамтуда. Олардық ішінде көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *