Ажардың «Айфон» жөндейтін орталығы бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында ел жастарын назардан тыс қалдырмай келеді. Әсіресе, өз ісін бастаймын деген жастарға қолдау көрсетуге ерекше назар аударады. Соның нәтижесінде өңіріміздегі жастар саясатын дамыту және жұмыссыздықты азайту мақсатында кәсіпкерлікке қызығушылығы бар азаматтарға қайтарымсыз гранттар берілуде.

Созақ ауданының тұрғыны Абдірахманова Ажар өңірімізде осы грантты ұтып алған жастың бірі. Ол 2023 жылы мемлекеттен жастарға берілетін жеңілдетілген 2,5%-дық несиені алып, телефон жөндеу және телефон жабдықтары орталығын ашқан болатын. Жас кәсіпкердің бұл саланы таңдауының себебі, елімізде қарқын алып жатқан саланың аудан тұрғындарына қолжетімді ету және пайдасын тигізу.

Түркістан облысында 2 140 926 мың тұрғын бар. Соның 654 мыңы – 14-35 жас аралығындағы жастар. Оның ішінде 150 мыңнан астамы қала жастары болса, 500 мыңға жуығы ауылдарда тұрады. Жастардың сапалы білім алуы мен тұрақты жұмысқа орналасуы маңызды.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша өткен жылы 310309 жасқа, биыл екі айда 41 331 жасқа кеңес берілген. Нәтижесінде «Серпін–2050» бағдарламасы бойынша мыңға жуық жас оқуға түскен. Еліміздің солтүстігі мен орталығында орналасқан жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізілген. Бағдарлама аясында былтырғы оқу жылында Сайрам, Келес және Жетісай аудандарынан жастар көптеп тартылған. Бұдан бөлек, «Жастар практикасы» бойынша 9 мың жас жұмыспен қамтылған. «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 500-ден астам жас маман жұмысқа орналасқан. Ал, жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша 594 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген несие берілген. Бүгінге дейін мыңға жуық өтінім келіп түскен. 15 мыңнан астам жас колледждерге тегін оқуға түсіп, бөлінген грант толық игерілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *