Түркістан облысы дамудың жарқын үлгісін қалыптастырып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте жалпы ішкі өнімнің өсімін жыл сайын 6 пайыздық деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды. Тиісінше инфляцияны осы жылдың қорытындысымен 2 есе төмендету қажет. Бұл үшін өсудің қосымша көздерін табу маңызды. Атап айтқанда, өндеу өнеркәсібінде, агроөнеркәсіптік кешенде, құрылыс пен қызмет көрсету секторында резервтер қалыптастыру басты назарда. Әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша  Түркістан облысы 2023 жылдың І тоқсанында оң өсімдерге қол жеткізді. Биыл алғашқы тоқсанда Түркістан обылыснда  макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі байқалды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 209,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінен өсім 106,3% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,4 млрд. теңгені, немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,1%-ды құрап отыр. Облыс экономикасына 97,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 1,6 есе артты.

Сондай-ақ, өңірде абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру, «Ауыл аманаты» бағдарламасын сапалы атқару және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім саласын көтеру, ауыл шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша нақты шаралар атқарылуда.

Ал 2023 жылдың бірінші тоқсанында  құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,9% құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 5,5%-ға артып, 120,2 мың шаршы метрге жеткен.

Аудан, қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына талдау жүргізу мақсатында 15 индикатор бойынша рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді. І-тоқсанның қорытындысымен  10 индикатор бойынша жоспарланған межеге қол жеткізілген. Аудан, қала әкімдіктерінің рейтингі әзірленіп, тиісті бақылауға алынған.

Облыста 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай  бойынша жергілікті бюджетке 37,7 млрд. теңге кіріс түсіп, жоспар 120,9%-ға немесе 6,5 млрд. теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім  5,0 млрд. теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 15,3%-ды құрап отыр.

Түркістан облысында қазіргі таңда 831 елді мекеннің 465-і немесе 56 пайызы табиғи газбен қамтылған. Ал 2023 жылдың қорытындысымен 516 елді мекенді табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Жоспар толығымен жүзеге асса, облыс халқының 62 пайызын көгілдір отынмен қамту мәселесі толығымен шешімін табады. Сонымен қатар алдағы 3 жылда қосымша 247 елді мекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елді мекенге немесе 86,8 пайызға жеткізілмек. Облыста алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд теңгені құрайтын 56 жоба әзірленген.

Сондай-ақ өңірдегі 831 елді мекеннің 719-ы немесе 86,5 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елді мекен ауыз суды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдаланып келеді. 2023 жылдың қорытындысымен 831 елді мекеннің 736-ын немесе 88,6 пайызын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Түркістан облысындағы  831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елді мекен дербес электр қондырғыларын пайдаланып келеді. 2023 жылдың қорытындысымен 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122 мыңнан аса тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.

Түркістан – республика халқын жеміспен, көкөніс өнімдерімен, оның ішінде жылыжай кешеніндегі қызанақ, қиярмен қамтамасыз ететін негізгі өңір. Облыста 3366 жылыжай бар немесе республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы орналасқан. Онда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 87 гектары – өндірістік, ал 1482 гектары фермерлік жылыжайлар. Бүгінде салаға тартылған инвестиция көлемі 7 есеге ұлғайды,   74,7 млрд. теңгеге жетті. Сондай ақ биыл Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешенінің құрылысы басталды.  500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжайлар жобасы «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен жүзеге аспақ. Оның ішінде көлемі 51 гектардан астам жылыжай салынады. Жоба толық жүзеге асқанда 8 мыңнан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады.  Жаңа жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі: 524 млрд. теңге болса, 1-кезеңіне 51,6 млрд. теңге. тартылмақ. Оның ішінде 25 млрд. теңгеге 27 га жылыжай салу жоспарлануда. Қуатылығы –  жылына 225 мың тонна қызанақ өсіру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *