ТҮРКІСТАНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ерекше шара өтті. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты іс-шара барысында балаларға арналған шығармашылық көрмелер, танымдық кездесулер мен музейге саяхаттар ұйымдастырылды.
Шараның басты қонағы – елімізге белгілі режиссер, сценарист, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, «САҚ» киностудиясының өкілі Батырхан Дәуренбеков. Ол балалармен «Тәрбие – тал бесіктен» атты тағылымды кездесуде тәрбие мен ұлттық құндылықтар жайында ой бөлісті. Сондай-ақ, шараға белгілі драматург Сая Қасымбек қатысып, балаларға арманға ұмтылу, Отанды сүю, рухани тәрбие мен салт-дәстүрді бойға сіңіру туралы өмірлік ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу жас буынның бойына ұлттық рух, мәдени құндылықтарды сіңіруге бағытталған, әсерлі де мазмұнды кездесу ретінде есте қалды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *