СОЗАҚТЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ АУЫЛҒА ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫП БЕРДІ
Созақ ауданындағы «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жыл бұрынғы түлектері ауылдарына жаңа саябақ салып берді. Демалыс орнының ашылу салтанатына облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғарев пен аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, түлектерге ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, шараға қатысқан ауыл ақсақалдары мен тұрғындары түлектерге жүрекжарды тілектерін айтып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, туған ауылына жанашырлықпен қараған түлектердің бастамасына дән риза болысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі