Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады
Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осылай мәлім етті.
«Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Осы аралықта жеңіл көліктер, толық салмағы 5 тоннаға дейін жететін шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар және толық салмағы 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк көліктерін заңдастыруға болады. Бұл ереже рулі оң жақта орналасқан көліктерге де қатысты. Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жылына және экологиялық санатына қатысты талаптар қойылмайды», — деп мәлім етті Игорь Лепеха.
Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады.