ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК НЫШАНЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ БАЙҚАУДЫҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен «Түркістан қаласының өңірлік нышанының сипаттамасы мен бейнесін анықтау бойынша» жарияланған ашық байқауға байланысты конкурстық комиссия отырысы өтті.
Қағида талаптарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін 3 ай мерзім белгіленіп, 2025 жылғы 3 наурыз бен 3 маусым аралығында өтінімдер қабылданды. Аталған мерзім ішінде 53 үміткерден жалпы саны 120 жоба ұсынылды.
Комиссия отырысында конкурс шарттарына сәйкес келмеген, яғни жасанды интеллект арқылы жасалған, графикалық сапасы төмен, сипаттамасы толық емес немесе мүлде жазылмаған 43 үміткердің 110 жобасы қараудан шеттетілді.
Нәтижесінде, комиссия қарауына 10 үміткердің талаптарға сай келетін жобалары іріктеліп ұсынылды. Комиссия мүшелері іріктелген жобалармен толық танысып, байқау барысын жан-жақты талқылады.
Комиссия шешімімен конкурс мерзімі қосымша 2 айға ұзартылып, 2025 жылғы 27 маусым мен 27 тамыз аралығында өтінімдер қайта қабылданатын болды.
Айта кетейік, бұл байқау Түркістан қаласының өңірлік нышанын анықтау мақсатында жарияланып отыр. Қала символы – шаһардың рухани, тарихи және мәдени келбетін бейнелейтін маңызды белгі болады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *