Қазақстан 9 жобаны іске қосып, бизнеске шығындардың 40%-на дейін өтейді

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп қарқын алуда – 2025 жылы 600-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 9 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Соңғы 5 жылда сала 3 мыңнан астам жұмыс орнын толықтырып, 40-тан астам жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Бүгінде елімізде 1400-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның жартысынан астамы киім тігушілер.
Анықтама:
803 — тігін өндірісі,
481 — тоқыма өнеркәсібі,
122 — тері және ілеспе бұйымдар шығаратын кәсіпорын.
Мемлекет бизнеске қолдау көрсетуді арттыруда: 2024 жылдың мамыр айынан бастап кәсіпкерлер жабдықты сатып алуға кеткен шығындардың 40%-ға дейінін өтей алады, ол жылына 60 млн теңгеге дейін қаражатты құрайды.
Одан бөлек, сала жылына 3 пайызбен жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, 9 арнайы экономикалық аймақтағы басым бағыттардың тізіміне енді. Отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін 1100-ден астам тауар түрлерін мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен екі жылға босату қарастырылған.
Мемлекет жергілікті өндіріске үміт артып, «Қазақстанда жасалған» өнімдерді тігіп, тоқып, өнім шығаратындарға көмектесуге дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *