Кентауда аулалар абаттандырылып, тұрғындардың ұсыныстары ескерілуде

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала аумағындағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй аулаларын аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінде Абай даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінде орналасқан тұрғын үй аулаларында орташа жөндеу жұмыстары басталған. Атап айтар болсақ, олардың ішінде Абай даңғылы №19, 23, Әл-Фараби көшесі №61, 63, 63А, 65А/1, 65А/2, 65А/3, 69 тұрғын үйлердің аулалары бар.

Сонымен қатар, Шүлембаев көшесі №4, 8, 10, Т.Рысқұлов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Каленов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Ы.Алтынсарин көшесі №4, 8, 10 мекен-жайларда жол жиек тастары орнатылып, аулаларда абаттандыру және жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Барлық жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Аралау барысында қала басшысы жергілікті тұрғындармен пікірлесіп, олардың ұсыныс-өтініштерін тыңдады. Тұрғындар балалар ойын алаңын жаңарту, аула ішіндегі автотұрақ мәселесін шешу және абаттандыру жұмыстарын күшейту туралы өтініштерін жеткізді.

Қала әкімі Жандос Тасов тұрғындардың ұсыныстары назарға алынатынын айтып, жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді талап етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *