ТҮРКІСТАН: 20 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Биыл Түркістан қаласындағы 20 көше орташа жөндеуден өтеді. Олардың жалпы ұзындығы 40 шақырымға жуық. Жетеуінің құрылысы 1 шілдеде басталады. Ал қалған жолдарды кім жөндейтіні белгісіз. Өйткені мемлекеттік сатып алу конкурсы әлі өтпеген. Мердігер мекемелер мен техникалық қадағалаушылар да анықталмаған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы жауапты тұлғаларға кестеден кешікпеуді тапсырды. Жалпы биыл өңірде бас-аяғы 632 шақырым болатын 120 көше жөндеуден өтуі тиіс. Олар ұлттық сапа орталығы ведомствоаралық сараптамасынан өтуі шарт. Бірақ мұндай келісімшарт Отырар, Төлеби, Шардара аудандарында әлі жасалмаған.