ТӨЛЕБИДЕ БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ БЕС АЙЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 53,1 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 5 айында 53,1 млрд.теңгеге жетті. Оның 57,2 пайызы өнеркәсіп, 21,9 пайызы ауыл шаруашылығы, 18,7 пайызы сауда және 2,2 пайызы құрылыс саласына тиеселі. Жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі
435 мың теңгеге жетіп, өсім 30,6 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1 млрд.теңгеге жетті. Ал, өнеркәсіп саласына жалпы құны
6,5 млрд.теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба іске асыру және 180 жаңа жұмыс орын құру жоспарлануда.
Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2025 жылдың 5 айында 10 мың 831 жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 820 субъектіге өсті. Нәтижесінде, 14 мың 405 адам жұмыспен қамтылды. Өндірілген өнім көлемі биылғы жылдың 5 айында 41,3 млрд.теңге өнім өндірілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *