ТҮРКІСТАНДА АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН КҮНІНЕ 2 РЕТ ЖОЛДАРДЫ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласында жазғы кезеңде ауа температурасының жоғарылауына байланысты жол жамылғыларын аэрация әдісімен суару жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Аэрация – +30°C-тан жоғары температура кезінде асфальт жабындарының қызып кетуіні жол төсемелерінің сапасын сақтап, мерзімінен бұрын тозу қаупін азайтатын тиімді әдіс. Сонымен қатар, жол жиегіндегі жасыл белдеулер мен гүлзарларға қажетті ылғал беріп, аптап ыстықта өсімдіктердің күйіп кетуінен қорғайды.
Суару жұмыстары арнайы техника мен бүріккіш құрылғылардың көмегімен күн сайын таңертең және кешкі уақытта жүйелі түрде атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *