ТҮРКІСТАНДА АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

26 маусым- «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай Түркістан қаласында тұрғындар арасында кең көлемді велошеру өтті.
Шараның негізгі мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, оның зиянды салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау. Аталған дата БҰҰ Бас Ассамблеясының 1987 жылғы шешімімен бекітіліп, бүкіл әлемде есірткінің заңсыз айналымы мен тұтынуына қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді.
Іс-шара таңғы сағат 08:00-де Денсаулық саябағында басталды. Қатысушылар арнайы белгіленген бағытпен велошеруге шығып, белсенділік танытты. Шара барысында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысушыларға қоғамның ортақ қасіретіне айналған нашақорлықпен күрес жолында жұмыла әрекет ету қажеттігін атап өтті. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *