БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 138,5 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Түркістан қаласының жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда қала аумағында 845 шақырым жол мен 875 көше бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жолдардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Бұл туралы қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының аралау барысында Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Арман Оспан баяндады.
Биыл қосымша 138,5 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар толық орындалған жағдайда, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға жетеді деп күтілуде.
Қаладағы негізгі көше желілерінің бірі – Тәуке хан даңғылы. Оның жалпы ұзындығы 5,16 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда даңғылда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні 2,3 шақырым бөлігіне жаңа асфальт жабындысы төселіп, жөндеу толық аяқталды. Жолдың ескі қабаты арнайы техникамен қырылып, орнына ірі және ұсақ түйіршікті жаңа асфальт салынуда.
Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында даңғыл бойындағы жол белгілері жаңартылып, қиылыстар мен кірме жолдарға да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық құрылыс және жөндеу жұмыстары 45 күн ішінде толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *