ТҮРКІСТАНДА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КӨБЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көгалдандыру және инфрақұрылым бағытындағы жұмыстарға арналған жиын өтті.
Басқосуға қала әкімінің кеңесшілері, бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және мердігер ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Жиын барысында қаланың инженерлік инфрақұрылымының жай-күйі, көгалдандыру мен суғару жұмыстары, сондай-ақ абаттандыру бағытындағы алдағы жоспарлар егжей-тегжейлі талқыланды.
Қала аумағындағы 60-тан астам жасыл желек аймағына жүргізілген күтім жұмыстарының қорытындысы таныстырылды. Тұрғын үй кешендері маңында көгалдандыру шаралары тұрақты түрде атқарылып келеді. Сонымен қатар, қала көшелерінде шөп шабу, жасыл желектерді суару, қураған ағаштарды алып тастап, орнына жаңа көшеттер отырғызу жұмыстары жалғасуда.
Кездесу соңында қала әкімі жауапты мекемелерге жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *