Өңірлік даму – Үкімет бақылауында

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді. Сапар барысында кеңесші өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Ермек Маржықпаев ең алдымен «Кентау трансформатор зауытына» барып, кәсіпорынның өндірістік үдерісін көзбен көріп, жұмысшылармен кездесті. Зауыттың өндірістік қуаты, жаңа технологияларды енгізу қарқыны және экспорттық әлеуеті туралы ақпаратпен танысып, ұжымның еңбегіне жоғары баға берді.

Кеңесшінің сапары барысында жылу маусымына дайындық жұмыстары да назардан тыс қалмады. Ол қаланың коммуналдық инфрақұрылым объектілерін аралап, биылғы жөндеу және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Әсіресе тұрғындарды қысқы уақытта жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығына тоқталды.

Сапар соңында Ермек Маржықпаев Кентау қаласының дамуына оң баға беріп, Үкімет тарапынан өңірге бұдан әрі де жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ол мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асып жатқан жобалар мен бастамалардың ел экономикасын ілгерілетуге қосатын үлесін ерекше атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *