СОЗАҚТЫҚ СПОРТШЫ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Иордания елінің астанасы Амман қаласында 21–25 мамыр күндері аралығында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Созақ ауданының спортшысы Акбар Елубай +94 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Спортшы алғашқы белдесуінде жапониялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңсе, жартылай финалда Палестина спортшысымен кездесіп, финалға жолдама алды. Шешуші ақтық сында Таиланд спортшысымен күш сынасып, қылқындыру әдісімен таза жеңіске жетті. Осылайша балуан қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына кезекті алтын медальді салды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *