ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫН ЖОЮ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысының санитриялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Садықбекұлының төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұсынысы негізінде жиын болып өтті.
Аталған ұсыныста Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 10 шілдедегі №85 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізуді» қағида талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп, бірқатар кемшіліктер анықталғаны көрсетілген. Ұсыныста көрсетілген кемшілктерге жол берген аудандар Сарыағаш, Арыс, Бәйдібек, Төлеби, Созақ басқармалары болып табылады.
-Әкімшілк істі жүргізетін лауазымды тұлға заң талаптары шегінде ғана жұмыс істеуі қажет. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана жұмыс кемшіліксіз болады. Заңнама талаптарын сақтамай жұмыс жүргізетін болсаңыздар тәртіптік жауапкершіліктеріңіз қатаң қаралатын болады- деп ескерту жасады Департамент басшысы.