ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА

 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты.
 Заң мен тәртіпті нығайту мақсатында өткен мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, оны шешу жолдары қаралды. Атап айтқанда, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды. Сонымен бірге мәдениет саласындағы мәдени-бұқаралық іс-шараларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді азайту жұмыстары және бизнестің дамуына кедергі келтіретін жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысы тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *