Түркістан облысында 250-ден астам пиротехникалық заттар тәркіленді
Түркістандық тәртіп сақшылар пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 14 дерегін анықтап, 250-ден астам сертификатталмаған от шашу заттарын тәркіледі. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Тәртіп сақшылары, пиротехникалық өнімдерді заңсыз әкелу, сақтау және пайдалану жайттарын анықтау мақсатында күнделікті жасырын сауда орындары мен базарларға және сауда нүктелерін тексеруде. Сондай-ақ, халық арасында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді алмау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ескертпе қағаздарын таратып жатыр» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.