Жезөкшелікпен айналысқан 26 шетелдік ұсталды

 Түркістан облысында жеңгетайлықтың «жеңіл жүрісті» 26 қыз ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

«Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде, интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады. Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ, яғни «жеңіл жүрісті қыздарды» жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған», — делінген хабарамада.

Полиция қызметкерлері сауна мен «хостелді» қарау кезінде, ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған 26 өзбекстандық қызды анықтады.

Қазіргі уақытта «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бабы бойынша іс тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *