ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында «Genius Kids» орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті. Білім бәйгесіне әлемнің 12 мемлекетінен үздік оқушылар қатысты. Аталған олимпиадаға Түркістан облысы Жетісай ауданының “Smart English” орталығынан 14 оқушы қатысып, Франция, БАӘ, Ресей, Әзірбайжан, Бельгия сынды мемлекеттерден келген жастармен бақ сынасты.
Халықаралық деңгейде өткен байрақты білім бәсекесінде бақ сынаған Түркістан облысының білімді жастары топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Алмас Мұратов пен Аяна Мұратова, Нұрислам Жора, Асылзат Беркімбай — 1 орынға жайғасса, Мұхаммед Шалқаров, Мұстафа Болыс, Нәила Азимова — күміс жүлдені қоржынға салды. Ал, Мұхаммеджан Болыс, Санжар Әбдіғаппар, Мадияр Орынбай, Сезім Дүйсенбай, Әбілмансұр Жақсылық пен Кәусар Оспан үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ, жетісайлық Інжу Жандарбек халықаралық білім бәйгесінің “Супер чемпионы” атанды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
______
ТУРКЕСТАНСКИЕ ШКОЛЬНИКИ СТАЛИ ПРИЗЕРАМИ В МЕЖДУНАРОДНОЙ ОЛИМПИАДЕ
В столице ОАЭ Абу-Даби прошла международная олимпиада по ментальной арифметике, организованная Центром «Genius Kids». В конкурсе знаний приняли участие лучшие ученики из 12 стран мира. В данной олимпиаде приняли участие 14 учащихся из центра “Smart English” Жетысайского района Туркестанской области, которые соревновались с молодежью из таких стран, как Франция, ОАЭ, Россия, Азербайджан, Бельгия.
Образованная молодежь Туркестанской области, участвовавшая в соревнованиях по знаниям на международном уровне, заняла призовые места. Алмас Муратов и Аяна Муратова, Нурислам Жора, Асылзат Беркимбай — заняли первые места, Мухаммад Шалкаров, Мустафа Болыс, Наила Азимова — завоевали серебро. В тройке лучших оказались Мухаммеджан Болыс, Санжар Абдигаппар, Мадияр Орынбай, Сезим Дуйсенбай, Абильмансур Жаксылык и Каусар Оспан. Также жетысайчанка Инжу Жандарбек стала обладателем звания “Супер чемпион” международной образовательной гонки.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *