Кентаулық полицейлер 9-айда атқарылған жұмыстардың есебін берді

Кентау қаласы, Қарнақ елді мекеніне қарасты учаскелік полиция пуктіне бекітілген учаскелік полиция инспекторларының 2023 жылдың 9-айында атқарған жұмыстары бойынша, халық алдында есептік кездесуі өтті. Аталған жиынға Кентау қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Б.Янкин және полиция майоры Б. Нусипжанова, ауылдық округі әкімшілігінің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында, қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде аляқтық, мал ұрлығы қылмыстары және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, полиция тарапынан жергілікті тұрғындарға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгені бойынша, енгізілген заңнамалық өзгерістермен түзетулерді, жолда жүру ережелерін және кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынға қатысушылар аудандық полицейлердің жасаған жұмыстарына оң бағасын берді және кокейдегі мәселелерін айтып, түрлі пікірлерін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *