Бүгін Қазақстанның 11 қаласында ауа ластанады
Бүгін Қазақстанның 11 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 19 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Риддер, Семей, Өскемен, түнде 19 қыркүйекте Атырау, Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары қалыптасады»,- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.